Видео
ОСМС
⚡️Жарналарды уақытылы төлеп, МӘМС жүйесінде «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» мәртебесі бар адамдар қажет медициналық қызметтерді кедергісіз алуда
✅Сақтандырылған азаматтарға медициналық қызметтің келесі түрлері қол жетімді:
– онкологиялық аурулардың алдын алу, диагностикалау, ерте анықтау;
– ультрадыбыстық диагностиканың қымбат әдістері мысалы КТ, МРТ;
– жоғары технологияларды қолдана отырып, жүрекке, буындарға және басқа да операциялар;
– кардиолог, эндокринолог, невропатолог, аллерголог және басқалардың қабылдауы мен консультациялары, егер бұл мамандар сіздің ауданыңыздың деңгейінде болмаса да, сіздің учаскелік дәрігер басқа емханаға жолдама беруге міндетті;
– тәулік бойы, күндізгі стационарда және үйде жоспарлы медициналық көмек;
– медициналық оңалту және тағы басқалар.
🤳МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді келесі қосымшалар арқылы тексере аласыз:
• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
• fms.kz ресми сайты
• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
• 1414 байланыс орталығы
• Damumed мобильді қосымшасы.
• Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары – Kaspi.kz, Halyk, Bcc.kz.
• Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде
2024 жылы МӘМС үшін қанша төлейміз?
✔️ Жұмыс берушілер-қызметкердің жалақысының 3%, бірақ 25 500 теңгеден аспайды
✔️ Жалдамалы қызметкерлер-жалақының 2%, бірақ 17 000 теңгеден аспайды
✔️ Дербес төлеушілер-1 ЕТЖ-дан 5% немесе 4 250 теңге
✔️ Жеке кәсіпкерлер – 1,4 ЕТЖ-дан 5% немесе 5 950 теңге
✔️ БЖТ 2024 жылдың қаңтарынан бастап жойылды, сондықтан
өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі немесе жеке төлеуші ретінде жарналарын төлеуі керек.
✔️ 15 жеңілдік санаты үшін жарналарды мемлекет төлейді
КТО И СКОЛЬКО БУДЕТ ПЛАТИТЬ ЗА ОСМС В 2024 ГОДУ?
↪️ Работодатели платят 3️⃣% от зарплаты работника
☝️Не более 25 500 тенге
↪️ Наемные работники платят 2️⃣% от зарплаты
☝️ Не более 17 000 тенге
❗️ Максимально облагаемый доход не более 10 МЗП (в 2024 году это 850 000 тенге)
↪️ Самостоятельные плательщики платят 5% от 1 МЗП, или 4️⃣ 2️⃣5️⃣0️⃣ тенге
↪️ Индивидуальные предприниматели платят 5% от 1,4 МЗП, или 5️⃣ 9️⃣5️⃣0️⃣ тенге
❌️ С января 2024 года платежа ЕСП не будет
⁉️ Самозанятые могут застраховаться следующими способами:
✔️ зарегистрироваться в качестве ИП и платить взносы как индивидуальный предприниматель;
✔️ оплачивать взносы в качестве самостоятельного плательщика.
↪️ Ставка Единого платежа в 2024 году составляет 21,5% от фонда оплаты труда.
Единый платеж – это объединение 5-ти платежей с заработной платы в один:
✔️ обязательные пенсионные взносы (ОПВ);
✔️ социальные отчисления (СО);
✔️ взносы на обязательное социальное медицинское страхование (ВОСМС);
✔️ отчисления на обязательное социальное медицинское страхование (ОСМС);
✔️ индивидуальный подоходный налог (ИПН).
☝️ ЕП оплачивают ИП и МСБ, работающие по упрощенной декларации или специальному налоговому режиму (для производителей сельскохозяйственной продукции).
↪️ Взносы за 15 льготных категорий – платит государство
✔️ В 2024 году это 5852,63 тенге за одного человека в месяц. #repostios #repostw10
⚡️Мемлекет 15 жеңілдік санаттағы азаматтар үшін жарна төлейді:
• 18 жасқа дейінгі балалар;
• жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
• бала үш жасқа толғанға дейін оны тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;
• жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға, сондай-ақ баланы үш жасқа толғанға дейін күтуге байланысты демалыста жүрген адамдар;
• «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар;
• мүгедек балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар;
• бала кезінен мүгедектерге күтім жасаушылар;
• мүгедектер;
• зейнеткерлер мен ҰОС ардагерлері;
• орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар;
• жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
• жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
• жұмыс істемейтін қандастар;
• қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;
• тергеу изоляторларындағы адамдар.
‼️Егер сіз көрсетілген санаттардың біріне кіріп, бірақ сақтандырылмаған болсаңыз, онда растайтын құжаттардың тізімін жинап, оларды ХҚКО-ға ұсыну қажет. Құжаттар ақпаратты растау үшін мемлекеттік органдарға жіберілетін болады. Барлық қажетті рәсімдерден кейін мемлекет сіз үшін жарна төлейді және «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» мәртебесі жеңілдікті санаттағы өкіл ретінде берілетін болады.
🤳МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді келесі қосымшалар арқылы тексере аласыз:
• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
• fms.kz ресми сайты
• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
• 1414 байланыс орталығы
• Damumed мобильді қосымшасы.
• Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары – Kaspi.kz, Halyk, Bcc.kz.
• Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде