1424

12.10.2023

12.10.2023 жылы емхана бөлімшелерін айналып өту кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осындай жұмыс аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес елдің стратегиялық даму басымдықтарының бірі болып табылатыны баршаға мәлім екені аталды. Көптеген дамушы елдерде, соның ішінде Қазақстанда да сыбайлас жемқорлық барлық салаларда таралған, сол арқылы экономиканың дамуына теріс әсер етеді. Денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі тетіктерінің бірі болып саналады. Біздің азаматтарымыздың әл-ауқатының тірегі ретінде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына елеулі бюджет қаражаты бөлінеді. Қазіргі таңда пандемия жағдайына байланысты денсаулық сақтау саласы сыбайлас жемқорлыққа бейім салалардың бірі ретінде танылды.
Бүгінгі күні қоғамның әр саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы кеңінен түсіндірілуде. Осы орайда Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын таныстыра отырып,онда зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға,жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге,қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталғандығын атап өттілді. Сонымен қатар,жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған маңызды заңнамалық шаралардан,сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында облыстың денсаулық сақтау саласына сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне сыртқы бақылау жүйелі түрде жүргізілетіндігі және сәйкесінше емхана ішінде де осындай ішкі шаралар қамтылатындығы жеткізілді.
Кездесу соңында сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің аумақтық департаментіне немесе 1424 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласу қажеттігі хабарланды.