Вакциноуправляемые инфекции, профилактика кори, дифтерии, столбняка, рака шейки матки
2026 жылдың ақпан айының 06 күні «Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп» КММ-де мектеп директоры Жанаберлиева Салтанат Бейсенбаевна, №1 Талдықорған қалалық дәрігер — эпидемиолог Смаилова Айгуль Мусагуловна ,балалар емханасының меңгерушісі Валишанова Бэлла Нагимовна,балалар дәрігері Омарова Алия Маликовна және мектеп медицина қызметкері Қайыпбайқызы Аққуаның қатысуымен «Қызылша, қызымық, паротит,дифтерия,коклюш, полиомиелит,сіріспе белгілері ,тарау жолдары және ауруды қалай алдын алуға болады, адам вирус папиломасы және Манту сынамасы» туралы ата-аналармен кездесу өтті. Кездесу барысында осы аталған ауруларға қатысты қазіргі таңда көптеген ауру түрлерімен балалардың аурып жатқаны жайында айтылды. Сонымен қатар, вакцина алудан бас тартудың қаупі қандай екендігі түсіндірілді. Көптеген сұрақтар қойылып, оларға мамандардан сапалы жауаптар алынды. Сол аурулардың алдың алу мақсатында осындай түсіндірме жұмыстары жиі жүргізіліп отыру қажеттілігі жайында да айтылды.
