Жеке тұлғаларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту науқанын өткізудің басталуы туралы

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен 1 қарашаға дейін алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту науқаны басталады. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры хабарлады.
Науқан «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығының жобасы шеңберінде өткізіледі.