Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина егу басталады

Қазақстан Республикасы егу күнтізбесіне жаңа вакцина қосылды, ол адам папилломасы вирусына қарсы вакцина.Бұл вакцинаның екпе күнтізбесіне енгізулінің басты себебі, әйелдер арасында жатыр мойны обырының кең таралуы.Бүгінгі таңда жатыр мойны ісігінің алдын алудың бір ғана тәсілі ,ол вакцина егу арқылы әрекет жасау.Обырдың қоздырғышы адам папилломасы вирусы екені ғылыми дәлелденген,кең тараған вирустардың 6,11,16,18 штамдары болғандықтан осы вирустарға антиденелер пайда болу үшін вакцина өндірілген.
Вакцинаның өндірілген жері Канада,Америка құрама штаттары.Вакцина 11 жасқа толған қыз балаларға екі мәрте,6 ай аралығында егіледі.Балаларымыздың жарқын болашағы үшін дұрыс шешім қабылдайық.