
Талдықорған қалалық емханасында ХАБЖКБМ жобасының (Халықтық ақпараттандыру, бақылау және кері байланыс механизмі) кезекті отырысы өтті. Фокус топ 65 жастан асқан науқастардан құралған.
Халық тарапынан жиі қойылатын сұрақтардың бірі — «Д» есепте тұрған науқастар әр жолы бейінді маманның қабылдауына жолдама алу үшін алдымен терапевтке барып, содан кейін ғана қажетті маманға жүгінетіндігі.
Қалалық емхана әкімшілігі бұл мәселені жеңілдету мақсатында келесі шешімді қабылдады: егер науқас белгілі бір бейінді маманның есебінде тұрса, онда жылына бір рет ғана учаскелік терапевтке барып жолдама алады. Қайтадан бейінді маманға қаралу үшін науқас тікелей сол маманға жүгінеді, тек алдын ала тіркеу бөлімінен дәрігердің қабылдау уақытын біліп алады.
Мысалы: Науқас офтальмологта глаукома диагнозымен «Д» есепте тұр, және ол осы жылы қаңтар айында қабылдауда болған. Қайтадан қабылдауға бару үшін науқас тіркеу бөлімі арқылы дәрігердің жұмыс кестесін алдын ала анықтап, тікелей офтальмологқа барады, терапевтке жолықпай.
Яғни, жылына бір рет қана учаскелік терапевтке барып, жолдама алынады, ал бейінді мамандарға қайта қаралу терапевтке бармай-ақ жүзеге асады.
Тіркеу бөлімінің телефондары: 24-23-18; 24-39-70; 24-04-80.