15 февраля — Международный день онкобольных детей

15 ақпанда әлемнің көптеген елінде Халықаралық қатерлі ісікке шалдыққан балалар күні атап өтіледі. Ол науқас балалардың ата-аналары ұйымдарының халықаралық конфедерациясы бастамасы бойынша өткізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Дәрігерлер бұл күн қатерлі ісікке шалдыққан балалар мен ересектердің ауруды жеңіп шығатынымен астасып жатқанын айтады.
«Чтобы не столкнуться с тяжелым заболеванием, важно своевременно проходить диагностику. Если болезнь обнаружить на раннем этапе, то лечение во многих случаях ведет к благоприятному исходу. Но, зачастую, среди населения рак выявляется довольно-таки поздно, что приводит к сложным последствиям, а то хуже – к смерти», — говорит врач онкогематолог города Татьяна Саблина.
Өкінішке қарай, бұл проблеманың өзектілігі азаймай тұр, өйткені балалар мен ересектер арасында қатерлі ісік ауруы өсуде, дейді дәрігер. Елордада жылына орта есеппен 38 баладан қатерлі ісік анықталады.
«Со злокачественными новообразованиями сегодня по городу наблюдаются 187 детей. Возраст детей , в котором встречаются опухоли в основном от 3 до 15 лет. Среди детского населения чаще всего встречаются опухоли центральной нервной системы и лимфобластный лейкоз — 70% случаев», — отмечает Татьяна Саблина.
Елордалық дәрігер ата-аналардың назарын балалардың қатерлі ісік белгілеріне аудару керектігін айтты.
«Если на теле ребенка появилась какая-то опухлость или вы заметили какое-то новообразование, также если у него отмечается резкое и неожиданное ухудшения здоровья: повышение температуры, появление рвоты и головных болей, резкое снижение веса, то нужно срочно обращаться за медицинской помощью, провести обследование. Возможно, это те самые признаки рака», — добавила специалист.
Дәрігерлер баланың онкологиялық ауруын анықтау өте қиын екендігін айтады. Сондықтан ата-аналар балаларының денсаулығына өте мұқият болуы керек. Қатерлі ісік терапиясының тиімділігі уақытылы диагноз қоюмен тікелей байланысты екенін есте ұстаған жөн.
Источник: www.gov.kz
