Балалар мен жасөспірімдер арасында қызылша, қызамық, паротит, жатыр мойны обырының алдын алу үшін вакциналардың маңызы
📌 2026 жылдың 10 ақпан күні «№15 орта мектеп» КММ-де ата-аналарға арналған маңызды әрі мазмұнды кездесу өтті.
👩⚕️👨⚕️ Кездесуге Талдықорған қалалық №1 балалар емханасының тәжірибелі мамандары — эпидемиолог дәрігер Смайлова Айгуль Мусагуловна мен педиатр дәрігер Алдыжанова Айгуль Тумарбаевна, сондай-ақ мектеп директоры Искаков Нугуман Слямович, мектеп медбикелері Болекбаева Тажигул Балгабаевна және Албанбаева Аяулым Сыдыққызы қатысты.
🦠 Кездесу барысында қызылша, қызамық, паротит, вирустық гепатит А, адам папиллома вирусы, АДС-М екпесі және Манту сынамасы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Мамандар соңғы уақытта бұл ауру түрлерінің балалар арасында жиілеп бара жатқанын айтып, ата-аналарды бейжай қарамауға шақырды.
💉 Сонымен қатар вакцина алудың маңызы, ал одан бас тартудың бала денсаулығына тигізер қаупі нақты мысалдармен түсіндірілді. «Аурудың алдын алу – емдеуден әлдеқайда тиімді» екені ерекше атап өтілді.
❓ Ата-аналар тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға мамандар кәсіби әрі түсінікті жауап беріп, әрбір ата-ананың көңілінде жүрген күмәнді ойларды сейілтті.
🤝 Кездесу соңында балалардың денсаулығын сақтау — мектеп пен ата-ананың ортақ жауапкершілігі екені айтылып, осындай ақпараттық-түсіндіру шараларын алдағы уақытта да жүйелі түрде өткізу қажеттілігі атап өтілді.
✨ Баланың бүгінгі денсаулығы — ертеңгі жарқын болашағы!
