Бүгін Өтенай ауылдық амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігері Аяулым Сейтбековна және амбулатория психологы Акбопе Едиловна №21 орта мектепбінде жасөспірімдерге арналған
Салауатты өмір салты және нашақорлықтың медициналық және психологиялық салдары» тақырыбында кең көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесудің негізгі мақсаты — оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу және нашақорлықтың адам өміріне тигізетін кері әсерін түсіндіру болды.
Түсіндірме барысында:
— Нашақорлықтың адам ағзасына тигізетін зияны (жүрек-қантамыр, жүйке жүйесінің бұзылуы, иммунитеттің төмендеуі)
— Психикалық тәуелділіктің қалыптасу кезеңдері
— Нашақорлықтың тұлғалық дамуға, мінез-құлыққа және әлеуметтік ортаға әсері
— Жастар арасында кездесетін қауіп факторлары және олардан қорғану жолдары
— Дұрыс шешім қабылдау, өз-өзіне жауапкершілікпен қарау маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, оқушылармен ашық диалог жүргізіліп, олардың сұрақтарына нақты жауаптар берілді. Жасөспірімдер өз ойларын еркін білдіріп, тақырыпқа белсенді қатысты.
Осындай алдын алу шаралары жас ұрпақтың дені сау, саналы, жауапкершілігі жоғары тұлға болып қалыптасуына үлкен септігін тигізеді. Салауатты өмір салтын таңдау — жарқын болашақтың кепілі!
