Бүгін 2026 жылдың 3 сәуір күні №1 Талдықорған қалалық емханасының СӨС мамандары, Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қыймыл басқармасының жедел уәкілі полиция орталығымен және АИТВ орталығының эпидемиолог дәрігерімен бірлесе отырып "Адал азамат" біртұтас тәрбие жоспары аясында "Өмірге салауатты қадам, есірткінің алдын алу, АИТВ-ның алдын алу" тақырыбтарына сәйкес №1 К Абай атындағы мектеп лицейінде 9-10 сынып оқушыларына семинар өтті. Ақпараттық материалдар таратылды.
