2026 жылдың 16 шілде күні Талдықорған қалалық емханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру (СӨС) мамандары емхана келушілері арасында «Вирустық гепатиттің алдын алу» тақырыбында ашық есік күнін өткізді.
Іс-шара барысында тұрғындарға вирустық гепатиттің түрлері, жұғу жолдары, алғашқы белгілері, алдын алу шаралары және дер кезінде тексерілудің маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, салауатты өмір салтын ұстану, жеке бас гигиенасын сақтау және вакцинацияның маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ашық есік күнінің мақсаты – халықтың вирустық гепатит туралы ақпараттану деңгейін арттыру, аурудың алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру.
