СӨС
2026 жылғы 28 мамырда Талдықорған қалалық №1 емханасында жыныстық жолмен берілетін инфекциялар тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны СӨС мамандары акушер-гинекологтармен бірлесіп өткізді. Дөңгелек үстел барысында дәрігер-гинеколог баяндама жасады, ол алдын алу шаралары, ерте диагностика және уақтылы медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Қатысушыларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұсынылып, тақырыптық материалдар мен жадынамалар таратылды.
