Ашық есік күні
🧠 Психикалық денсаулық – жалпы денсаулықтың маңызды бөлігі! Талдықорған қалалық емханасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары қала тұрғындары арасында Психикалық денсаулық күніне орай ашық есік күнін ұйымдастырды. Іс-шара барысында тұрғындарға психикалық денсаулықты сақтау, күйзелістің алдын алу, эмоционалдық жағдайға көңіл бөлу және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы ақпарат берілді. 🩺💚 Денсаулыққа қамқорлық – өзіңе деген қамқорлық! 🌿
