«Таза қол»
2026 жылғы 18 қыркүйек күні Талдықорған қалалық емханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары М. Арын атындағы №24 мектеп-лицейінде тұмаудың, ішек инфекцияларының алдын алу және «Таза қол» тақырыптарында семинар өткізді.
Семинар барысында оқушыларға жұқпалы аурулардың алдын алу, жеке бас гигиенасын сақтау, қолды дұрыс әрі таза ұстаудың маңыздылығы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
