Дүниежүзілік емшекпен қоректендіру апталығы (1–7 тамыз)
Дүниежүзілік емшекпен қоректендіру апталығы (1–7 тамыз)
Емшекпен қоректендіру – нәресте үшін ең табиғи әрі ең пайдалы тағам. Ана сүті баланың дұрыс өсіп-жетілуіне, иммунитетінің нығаюына және ана мен сәби арасындағы ерекше байланыстың қалыптасуына ықпал етеді.
Осыған орай Талдықорған қалалық емханасының «Сау бала» кабинеті мамандары болашақ және жас аналарға емшекпен қоректендірудің маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, дұрыс емізу тәсілдерін үйретіп, қажетті кеңестер береді.
Балаңыздың денсаулығына жасалған ең маңызды қадам – ана сүтімен қоректендіру.
💚 Дені сау бала – ана сүтінен басталады!
