Талдықорған қалалық емханасында Халықаралық мейіргерлер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мереке аясында мейіргерлер арасында байқау ұйымдастырылып, оның барысында қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін, таланттары мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласына қосқан елеулі үлесі, көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсібилігі үшін бір медаль, үш алғыс хат және көптеген Құрмет грамоталары табысталды.
Іс-шара мерекелік әрі жылы атмосферада өтіп, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсер сыйлады.
